Балқашта өрттен 32 жастағы мүгедек келіншек құтқарылды. Тілсіз жау оның өз пәтерінде, Сәбитова мөлтек ауданында орын алды. Ал қызыл жалын кешкі сағат 18.00-де тіркелді. Ол кезде төртінші қабаттан шыққан көк түтінді көршілер байқап, өрт сөндірушілер хабарласқан. Оқиға орнына келген мамандар балконда тұрған үй иесін көрген. Бірақ, мүгедек келіншек балкон арқылы төменге түсуден бас тартқандықтан, өрт сөндірушілер алдымен баспанадағы өрттің жалынын басты. Содан кейін ғана 32 жастағы келіншекті 10 көршісімен бірге далаға шығарды. Ал тілсіз жау қонақ бөлмедегі разеткадан шыққан. Оған жалғаулы тұрған тоңазытқыш қызыл жалын болып шарпи бастаған. Оны ауыздықтау үшін 25 минут бойы 20 қызметкер мен 4 авто цистерна жұмылдырылды.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Оқиға орнына келгенда өрттің түтіні қатты болды. Үй иесі балконда тұрды. Оны автосаты арқылы төменге түсірейік дегенімен, бас тартты. Сондықтан алдымен үйдегі жалынды басып, сыртқа шығардық. Ешкім зардап шекпеді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login