Балқашта Жеңіс күнін атап өтті

Балқашта жылдағы дәстүр бойынша Жеңіс күні кең ауқымда аталып өтті. Тұрғындар соғыс жылдарындағы әндерді шырқап, театрландырылған көріністі тамашалады. «Мәңгілік алау» мемориалына гүл қойып Отан үшін жанын берген жауынгерлерге тағзым етті.

Гүлшат Байтөкешова-тілші
«Қаншама миллиондағана адамның қаны мен көз жасымен келген Ұлы Жеңіс күні Балқашта өшпес полк шеруімен басталды. Егер соғыс жылдары 8500-ден астам адам Балқаш қаласынан Отан қорғауға аттанса, соның 1800 -ге жуығы қаза тауып, 1700- ден астамы із-түзсіз жоғалды. Ал, мұнда сол жандардың ұрпақтары жиналған. Жалпы саны 200-ге жуық адам.

Болатбек Алипов-қала тұрғыны
«Соғысқа қатынасқан атам, әкем. Үлкен соғыстың мүгедегі болып 4 ай болып қайтып келді. Әкем соғыстың басынан бастап Берлинге дейін қатысты. Берлиннен 1946 жылы қайтып келді».
Раушан Салыққызы-қала тұрғыны
» Әкем келгеннен кейін 1947 жылы мен дүниеге келдім. Мен әкемді мақтан тұтамын. Әкем әлемдегі барлық жақсылықты бауырларыма сыйлады. 05:19 43 жылы 22 маусымда әскерге кеткен, содан 46 жылдың жазында елге оралды».

Бұл күні шараның басты қаһармандары соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері мерекеге көлікпен жеткізілді. Жеңіс күнін жақындатқан қарттарды жұртшылық қол шапалақтап құрметпен қарсы алды. Деседе, қариялардың арасында жалғыз майдангер төбе көрсетті. Көзі тірі 5 жауынгердің 4 денсаулығына байланысты мекереге келе алмады.
Шара әрі қарай соғыс жылдарындағы әндермен, театрландырылған көрініспен жалғасын тапты. Соғыс жылдары балқаштық металлургтер мен Қоңыраттық кеншілер де Ұлы жеңіске үлкен үлес қосқан. Сұрапыл соғыс кезінде кеңес одағында танк жасауға қолданылатын молибден металлының 100тоннасы өндірілсе, соның 60 тоннасы Қоңырат кенішінде шығарылған.
Жылдағы дәстүр бойынша, мерекелік шараға жиналғандар мәңгілік алау мемориалына гүл шоқтарын  қойып, соғыста қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен  еске алды. Боздақтардың рухына тағзым етті.

Сағынтай Егізбекова-қала тұрғыны
» Жылда келеміз, немерелерімен, шөберелерімен. Гүл қоямыз. Тағзым етеміз аталарымызға. Осы бізге өмір сыйлады ғой аталарымыз».

Шарада тұрғындар солдат ботқасынан ауыз тиді. Әскери бөлімнің аспазшылары 100 литр ас дайындап әкелген. Ал, оны әзірлеуге 40 банка консервіленген ет, 15 келі жарма, 3 литр өсімдік майы мен 4 келі сәбіз бен жуа жұмсалыпты.

Светлана Грабовец-аспазшы
«Бұл тамақты дайындау үшін таңғы 6 тұрдық. Былтырда біз дайындап әкелгенбіз. Елге ұнады. Дәмді болды деп, алғыстарын айтып жатыр. Ең бастысы тұрғындардың көңілінен шықса болды».

Ал, ардагерлер қауымы мен қала басшылары арнайы тігілген шатырда бас қосты. Өткен күнді еске алып, солдат ботқасынан дәм татты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture