Балқашта Жеңіс күніне орай жеңіл атлетикадан эстафета өтті. Биыл 60-шы рет ұйымдастырылған шараға бір мыңнан аса оқушылар мен студенттер, еңбек ұжымдары қатысты. Олар 5 топқа бөлініп, 21 этапты жүгіріп өтті. Ал желаяқтар жарысында кім мықты атанды, оны келесі сюжеттен көрелік.
Жүгірудегі жақсы нәтиже- ең бірінші дененің дұрыс шынығуы. Оны естен шығармайтын №17 мектептің оқушысы Евгения Бушуева дайындыққа ерекше мән беруде. Спортшы биыл бірінші рет эстафетаға қатысып, жарысты өзі бастады.
Нәтижесінде, дайындық үмітті ақтап Евгения 200 метр қашықтықты ең бірінші болып бағындырды.
Евгения Бушуева – №17 мектеп оқушысы
«Әрине бірінші рет қатысып тұрғандықтан қорықтым. Бірақ, жеңуім керек деп өз-өзімі талап қойдым. Өйткені, екі апта бойы дайындалдым».
Осылайша, жарыстың алғашқы этаптарынан бастап №17 мектептің қыздары лидерлік қасиеттерін көрсетті. Оларға №1 мен №4 мектептің спортшылары қанша тырысқанымен, жете алмады. Эстафетаның ең үлкен қашықтығы 400 метрлікте 17 мектеп- қарсыластарына тіпті шаң қақтырмай , мәреге бірінші болып келді.
Мыңнан аса спортшының басын біріктірген марафон қорытындысына сай, мектеп арасында нөмір 17 мен 16 оқу орындары үздік атанса, Балқаш гуманитарлық-техникалық колледждің студенттері өз топтарында бірінші орын алды. Ал ересектерден дене шынықтыру және сауықтыру кешені жеңіс кубогыне ие болды.Дей тұрғынымен, ардагер спортшылардың айтуынша қазіргі жарыстан көрі ,бұрынғы эстафета қиынырақ болды деп еске алады.
Юрий Лебедев – Жеңіл атлетика спортының бапкері
«Мен мектеп оқып жүрген кезде осы жерден жүгіретінмін. Ол кезде ара қашықтық ұзақ болатын. Мәдениет сарайынан бастап кентке дейін барып, қайтып келетінбіз. Ал кейін эстафетаны орталық көшеде ғана ұйымдастыратын болдық».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login