Балқаш әкімі ҰОС ардагерлерін үйіне барып құттықтады

Жеңіс күнін денсаулығына байланысты көпшілікпен бірге тойлай алмаған балқаштық ҰОС ардагерлерін қала әкімі үйіне барып құттықтады. Ізгі тілегін жеткізіп, сый-сияпатын табыстап қайтты.

Қала басшылары алғаш болып қарт майдангер Ыбырайым Ынтықбаевтың үйіне бас сұқты. 97 жастағы ардагер сұрапыл соғысқа 1941 жылы аттанып, 1943 жылы бір қолынан айырылып елге оралған. Бейбітшілік заманда зейнетке шыққанға дейін қаланың қоғамдық өміріне белсене араласады. Қаланың құрметті азаматы деген атаққа ие болған. Сонымен бірге құрмет орденінің иегері. Мерекеде жылдағы дәстүр бойынша, шаһар басшылығы мен Алтын-арна компаниясы қарт жауынгерге сый жасап, ақ батасын алып қайтты.

91 жастағы Семен Плесинге премьер министр Бақытжан Сағынтаевтың атынан конвертке салынған құттықтау табыс етілді. Ал, қала басшылығы жауынгердің жұбайына азық-түлік қоржынымен бірге, раушан гүлдерін сыйға тартты.

ҰОС ардагері Мұқажан Омаровты қала жетекшілерімен бірге «Цесна банк» өкілдері құттықтады. Қаржыгерлер майдангерге ай сайын жәрдмақы түсіп отыратын банк карточкасын табыстады. Қарт жауынгер мұндай сыйға осымен екінші жыл ие болып отыр.

 Денис Шевцов – «Цеснабанк» қаржы орталығының иегері
«Қазақстанның 23 қаласындағы 23 ардагерге осындай банк карточкасы табыс етілді. Оған ай сайын 50 мың теңге ақша түсіп отырады. Біз осылайша жеңіс күнін сыйлаған ардагерлерге құрмет көрсетудеміз.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture