Балқашта Мәңгілік алау маңайы ретке келтірілді

Балқашта Жеңіс күніне орай  көл жағалауында тұрған Т-34 танкі ретке келтіріліп,  тазалық жұмыстары жүргізілді. «Горкомхоз» ЖШС қызметкерлері танк орналасқан тұғырдың сынып қалған тастарын алып, жаңасын орнатты. Ал зауыттың жұмыскерлері танк пен пушканы бояп, мерекеге дайындады. 

Ерболат Түсүпов – «Горкомхоз-2012» ЖШС бас инженері
«Мұнда екі маман жұмысын істеп осы, мерекеге дейін бітіріп қойды.Мерекелік шаралар өтетін болғандықтан сол жұмыстар соңына жетті. Қазір толық мерекеге дайын».

Ал студентер мен ерікті жастар «Мәңгілік алау» маңайын жуып, тазалады.Ер есімдері жазылған тақталардың шаңын сүртті. 25 адам кешке дейін бұзақылар жазып –сызып кеткен жазуларды өшірді.

Арнұр Тюмашев – Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледж студенті
«Бұл жерде біз қаланың жастары мәнісін түсінбей шимайлап жазып, ойын-сауыққа айналдырып жатады.00207 келешекте бұл жерге құрметпен, жақсылап қараса екен дейміз.»

Сонымен қатар, қаланың кіре-беріс жолы жаңа кейіпке енді. Мамандар сары, қара түспен көпірдің темірлерін сырлап шықты. Ол бір жағынан әдемі болғанымен, екінші жағынан жол қауіпсіздігі үшін қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture