Қоқыс таситын көлік жол бойындағы шұңқырға түсіп кетті. Оқиға Шашубай мөлтек ауданында болды. Арнайы техника қоқыс жәшігін айналып өтіп, ауладан шыға бергенде артқы дөңгелегі шұңқырға түсіп кеткен. Ал, сол сәтте көлікте 1 тонна қоқыс болыпты.
Арман Нөкербеков – «Балхашуниверсал» ЖШС жүк тиеушісі
«Біз бұл жерден өткенде ештеңе байқамадық. Ешқандай қоршау болмады. Содан көмек шақырдық».
Техниканы шығарып алу үшін тағы бір көлік шақырылды. Анықталғандай жақында мұнда «Балқаш Су» қызметкерлері жұмыс істеген. Қазылғаннан кейін босап қалған жер көліктің салмағына шыдас бермеген. Комуналшылар бұл ақауды жою үшін енді онда топырақ әкеп төкпек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login