Балқаштық пауэрлифтершілер Азия чемпионатынан 10 медальмен оралды

Балқаштық пауэрлифтершілер Азия чемпионатында жеңістің төрінен көрінді. Жерлестеріміздің қоржынына 5 алтын,2 күміс, 3 қола медаль түсті. Оған қоса, 7 азамат спорт шебері атағын иеленді. Алматыда өткен дүбірлі додаға шаһардан әртүрлі салмақ дәрежелерінен 14 пауэрлифтер барды. Араларында кәсіби спортшылармен қатар зілдей темірді жаңадан көтеріп жүрген балқаштықтар да болды. Солардың бірі – Владислав Подоляко.Ол темірді үш түрлі көтеріп, 385 келі салмақты бағындырды. Және сол үшінде спорт шебері дәрежесін иеленді. Ал кәсіби пауэрлифтер Алексей Ногай отырып-тұрып 270 келі кірді көтерді. Осылайша, жерлесіміз төртінші мәрте спорт шебері атанды.

Алексей Ногай – пауэрлифтингтен 4 мәрте спорт шебері
«Азия чемпионатына 500-дей спортшылар қатысты.Жарыста балқаштықтар қаладағы сайыстарға қарағанда жақсы өнер көрсетті. Ең ауыр деген зіл темірлерді көтерді. Көбісі жеке рекордттарын орнатып қайтты».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture