Балқашта гүл егу науқаны басталды

Балқашта гүл егу науқаны басталды. Биыл «Зеленестрой» ЖШС-нің қызметкерлері қала көшелері мен алаңдардағы 5 мыңнан астам шаршы метр жерді көгалдандырмақшы. Ал мамандар гүл отырғызуды қалалық әкімшілік алдынан бастады. Содан кейін тәуелсіздік алаңы мен көл жағалауына қарай бет бұрмақ. Жалпы, көктемгі жұмыстар аясында Балқашта 100 түп гүл егілмек. Оның көбісі тагетес ,қоңырау гүлдер тұқымдасы «лобелия», және шырайгүл. Алайда биыл бірінші рет тагетестің барқыт түрі, шегіргүл, ақсәуле гүлдері егіліп, құбылмалы ауа райында сынақтан өтпек.

Нина Арлова- аграном
«Біз гүлдерді Балқаштың ауа райына төзімді,суыққа, ыстыққа төзе алатындарын таңдаймыз .Бірақ, газдан барлығы зақымданады. Ал биыл тагетестің 5 түрін, нарқайсар, виола гүлдерінің жаңа түрлерін егеміз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture