Кәсіпкерлерге Ashyq жобасына тіркелу оңайырақ болады. Halyk Bank қазақстандық банктер арасында бірінші болып Атамекен ҰКП бірлесе заңды тұлғаларға арналған QR-кодты тіркеу функциясын енгізді. Қызмет көрсету саласымен байланысты бизнес объектілері немесе Ashyq жобасымен кіру міндеттелген қызметкерлерінің саны көп компаниялар Onlinebank-тің веб-нұсқасында QR-кодты бірнеше батырманы басу арқылы және онлайн алып, карантиндік талапты сақтана алады.
Естеріңізге сала кетейік, Ashyq — бұл қоғамдық орындарға келушілерді тіркеуге арналған қосымша. Мекемеге кірер алдында пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді және нәтижесін әкімшіге көрсетеді. Қосымшада адамның төрт күйі көрсетілген: бейтарап (күй фоны – көк), қауіпсіз (жасыл), байланыс (сары) және жұқтырған (қызыл).
«Halyk Bank екінші деңгейлі банктер арасында өзінің финтех-процестерін Ashyq тіркеу жүйесімен біріктірген алғашқы банк болды. Біздің заңды тұлғалар енді үйден шықпай-ақ Onlinebank веб-нұсқасы арқылы бірнеше батырманы басу арқылы QR — кодты жасай алады», — деп бөлісті Halyk Bank мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Нариман Мұқышев.
«Қазіргі уақыттағы коронавирустық пандемияға байланысты елдегі жағдайдың қиын екенін ескере отырып, экономика саласының көптеген бағытындағы қызмет көрсету жұмысы шектеліп, тек Ashyq арқылы жұмыс істейді. Осыған орай кәсіпкерлерге Ashyq жүйесінде тіркелудің ыңғайлы тәсілін ұсыну осы күрделі кезеңде Банк тарапынан айтарлықтай қолдау болады», — деп есептейді Мұқышев.
Onlinebank-те QR-кодты алу тек бизнес субъектілеріне ғана берілетінін атап өтті. Ол субъектінің атауы, оның орналасқан жері және басқа сәйкестендіру деректері көрсетілген электрондық идентификатор болып табылады. Бір объектіге кіру үшін бір QR коды беріледі.
Өз компанияңызды Onlinebank арқылы Ashyq-қа тіркеу үшін:
— Onlinebank жүйесінің веб-нұсқасына кіріңіз
— Жеке кабинетке кіріп, Ashyq функциясын таңдаңыз
— Сәйкестік актісін алуға өтінім жолдаңыз
— Сәйкестік актісін алуға өтінімді мақұлдағаннан кейін — Сіз QR-кодты алуға өтінім жолдай аласыз
— Дайын! Ashyq QR-кодын басып шығаруға болады.
Егер Ashyq жүйесінде әдеттегі тіркеу кезінде кәсіпкерлерге ҰКО-тан ЭЦҚ қажет болса, ал Onlinebank веб-сервисінде QR-кодты алу үшін Halyk Bank заңды қолданушыларының цифрлық қолтаңбасы қажет етеді. Тіркеу кезінде басқа ештеңе талап етілмейді және офлайн қол қоюдың қажеті жоқ.
Өз кезегінде Нариман Мұқышев Halyk Bank-те осындай қызметтің пайда болуы Банктің ішкі командасы: транзакциялық бизнес департаменті мен Onlinebank департаментінің үлкен еңбегі бар екенін атап өтті.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ашықтығы мен бизнеске арналған осындай сервистерді іске асыруға дайын болғанына алғыс айтқым келеді. Halyk Bank-тің осындай сервистермен интеграциялау бойынша барлық талаптарға сәйкес келетін қажетті инфрақұрылымы және дамыған технологиялары бар екенін атап өткім келеді», — деп қорытындылады Halyk Bank цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login