Балқаштықтар су тасқынынан жапа шеккендерге көмек көрсете алады

Балқаштықтар су тасқынынан жапа шеккендерге көмек көрсете алады. Бүгін мәдениет сарайындағы жастар ресурстық орталығында қабылдау пункті ашылды. Мамандардың сөзінше, Қарағанды облысында судан жапа шеккен аймақтар ең бірінші кезекте киім-кешек пен төсек орын тыстары, орамал, құрылыс материалдарына мұқтаж. Сонымен бірге азық түлік жеке бас тазалығына қажетті заттарда керек. Көктем басталғалы бері орталық Қазақстанда 50 үйді су шайып, 2000 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ал, бүгін ресми түрде су тасқынының аяқталғаны хабарланды. Қазір барлық күш бұзылған үйлерді қалыпқа келтіруге, зардап шеккендерге көмек көрсетуге жұмылдырылуда.

Мадина Базылова – жастар ресурстық орталығының маманы
«Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен елді-мекендегі отбасыларға гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Сол көмек ретінде жаңадан сатылып алынған киім-кешектер мен тағамдармен көмек көрсете аласыздар. Көмек қабылдау пункті Балқаш қаласы М. Хамзин атындағы мәдениет сарайында орналасқан Балқаш ресурстық орталығында қабылданады.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture