Балқашта орталық саябақ қашан жөндеу көреді? Әнуар Сәмиевпен сұхбат

Қазір жолдарды жөндеу жұмыстары басталды. Алайда, халықтың наразылғын тудыратыны, неліктен Қадыржанов көшесінен басталды? Айтуларынша, ол көше жөндеуді аса қажет етпейді.

— Біз жолды жөндемес бұрын, алдымен әзірлеу жұмысын жүргіздік. Қадыржанов көшесінің асфальті соңғы рет 2006 жылы жаңартылған. Сондай-ақ жолы кең болғандықтан автокөліктер де жиі қатынайды. Он жылға жуық жөндеу көрмегеннен кейін ескіріп қалған, сондықтан да Қадыржанов көшесін алдымен бастауды жөн көрдік.

Ленин көшесінде қандай жұмыстар жүргізілуде?

— Ленин көшесі бойындағы жұмыстарды жөндеу туралы жоба бар. Сол бойынша жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жөнге келтірдік. Сонымен қатар, көшелерге мемлекет қаржысын үнемдеу үшін, жарықдиодты шамдар орнаттық. Бағдаршамдарға да жаңарту жұмыстары жүргізлді. Енді тек жолдарды асфальтпен жабу ғана қалды.

Саябақтарды жаңарту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

— Ең бірінші біз Мәдениет үйінің артындағы саябақты қалыпқа келтіреміз. Саябақты абаттандырып, жарықтандырамыз. Ішіне демалатын орындықтар қоятын боламыз. Балқаш қаласының 80 жылдығына монумент орнатылады.

Балқаштықтарды орталық саябақтың жағдайы алаңдатады? Қашан қалыпқа келтіресіздер?

— Орталық саябақты жөнге келтіруге депутаттардың қолдауымен қаржы бөлінеді. Қазір жоба құруды жоспарлап отырмыз. Ол үшін жоба әзірлейтін мекемелер қажет. Жоба бойынша, фонтандарды қайта қалыпқа келтіріп, жарықтандыру басқа да жөндеу жұмыстрын жүргізу ойда бар. Мұның барлығы конкурс арқылы өтетін болады.
Ал қазіргі таңда орталық саябаққа 170 ағаш отырғызылды. Биыл арнайы су баратын орындарды таңдадық, енді қиындықсыз уақытында суарып отыратын боламыз.
— Сонымен қатар мамыр айынан бастап, жатаған, шырмауық пен арамшөптерді жоюмен айналысамыз. Ал, жапырақ жегіші жәндіктерге келетін болсақ, біз жылда саябақтарда химилық тазарту жұмыстары жүргізілген. Енді биыл үйлердің ауласын ада химиялық тазалық және жасылдандыру жұмымстары жүргізіледі.

Балқаш тұрғындары қай күндері қабылдауға жазыла алады?

— Әр бейсенбі сайын сағат 17:00-ден 18:00- ге дейін қабылдаймыз. Тұрғын үй мәселесі бойынша сәрсенбі 9.00- ден 13.00-ге дейін.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture