Ертеңнен бастап Балқаш көлінде балық аулауға тыйым салынады. Көлге тіпті қайықпен, тормен, қармақпен шығуға болмайды. Заң бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Шектеу 1 маусымға дейін созылады. Өткен жылы тыйым кезінде 16 заң бұзушылық тіркелген. Оның алтауына қылмыстық іс қозғалды. Ал заңсыз 1800 келі балық аулаған ер адам сотты болған. Соттың үкімі бойынша азаматқа 5 млн 700 мың теңге айыппұл тағайындалған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login