Балқаш қаласы аумағында бірқатар шектеулер қойылды

Жаһандық пандемияның салдарынан ағымдағы жылдың 7 сәуірі күні Қарағанды облысының барлық аумағына карантин енгізілді. Осыған байланысты Балқаш қаласы аумағында бірқатар шектеулер қойылды.

Қайырбек Рахымбеков: — Балқаш қ. полиция бөлімі басшысының орынбасары

«Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің қаулысымен 2020 жылы 7 сәуірде 00.00 сағаттан бастап Балқаш қаласында тұрғындар үшін шектеу шаралары енгізілді.

Бірінші: Азаматтардың далаға шығуына мейілінше шектеу қойылды. Жұмысқа баруға, тамақтарды, дәрі-дәрмектерді сатып алуға және банктік операцияларды жасауға ғана үйлерінен шығуға рұхсат етіледі. Сондай-ақ, саяжайларға баруға болады. Қоғамдық көлкітер жұмыс жасайды.

Екінші: Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен (отбасы мүшелерін қоспағанда) жиналуға тыйым салынды.

Үшінші: Отбасылық және еске алу шараларын өткізуге тиым салынды.

Төртінші: Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынды».

Бесінші: 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуларын шектеу ұсынылады.

Бұл шектеу шараларды тұрғындар міндетті түрде орындауы тиіс. Осы уақыт аралығында түсіндірме жұмыстары жасалынды. Енді шектеу шараларын бұзған адамдарға әкімшілік шара қолданылады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476 бабына сәйкес, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл немесе бірнеше тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login