Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу ретінде өз мақаласын жариялаған болатын. Бүгінгі таңдағы індеттен келген қиындықтарды еңсеру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын жолдады. Осы орайда Елбасының үндеуін қолдап, Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Ербол Төлтаев балқаштықтарға өз пікірін жеткізді.
Ербол Төлтаев — Балқаш қалалық мешітінің бас имамы
«Құрметті Балқаштықтар! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарық көрді.
Тәуелсіздік жылдары ел өмірінің ең қиын да күрделі кезеңдерінде Қазақстан халқы бірлік пен татулықтың арқасында осы күнге дейін жетті.
Бүгінгі таңда әлем елдерінде індет қарқынды таралуда.Ұлтымыздың саулығы сынға түскен осы сәтте баршаңызды сабырға, байсалдылыққа шақырамын.
Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары!
Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай:
-«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» демекші
төтенше жағдай кезінде барлық шектеу шараларын сақтап, бір кісідей осы ауыртпашылықтан шығуымыз қажет.
Жерлеу рәсіміне мейлінше аз адам барғаны абзал.
Үйде берілетін астарды мейлінше тыя тұруларыңызды өтінемін!
Құрметті ағайын! Қиындықта қайыспай, белімізді бекем буып,
береке-бірлігімізден айырылмайық!
Біз біргеміз!»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login