Көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге тегін нан таратылуда

Жастар айлағы қоғамдық бірлестігі төтенше жағдай кезінде «Амал» атты жобаны іске асыруда. Мешіт асханасында нан пісіріп, оны көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға тегін таратады. Бұл істі жүзеге асыруға жергілікті әкімдік пен мешіттің, еріктілердің және жаны жомарт жандардың үлесі тиюде. Ас атасын мешіт асханасының қызметкерлері пісірсе, оны еріктілер үйді-үйге таратады. Ал нанды пісіруге қажетті ұн мен басқа да өнімдерді қаланың қолы ашық азаматтары әкеліп береді екен. Тізім бойынша 50-ге жуық отбасы бар. Күніне 200-ден аса таба нан пісіріледі. Оның тең жартысы Қоңырат мөлтек ауданына жіберіледі. Ысырапқа түспес үшін нанды күнара пісіріп, үлестіруде. Бұл жоба Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты үндеуі жолында бірлесе жұмылып, ынтымақтаса әрекет етуде екенін көрсетпек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login