2020 жыл 1 сәуірдегі мониторинг бойынша Балқашқа Алматыдан және Қарағандыдан кірер жолдағы санитарлық посттан 230 автокөлік құралы тексерілді. Шетел көліктері анықталмады. 505 адам тексерілді. Дене қызуы бар адамдар болмады.
31 наурыз түңгі 11-ден бастап әкімшілік учаскелерді аралау кезінде мына құқық бұзушылық тіркелді. Ағыбай батыр көшесі 57 мекен жайында орналасқан «Миредо» дүкені қалыпты режимде жұмыс жасаған. Осыған қатысты 1 сәуір күні дүкен иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.
Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні бекітілген кестеге сәйкес, келесі аумақтар арнайы зарарсыздандырғыш заттармен өңделді:
- Томпиев 1 мекен жайындағы саябақ, Томпиев көшесінің аула аумақтары;
- Уәлиханов көшесі 7, 8, 9, 14 мекенжайлары;
- Қараменде би көшесі 16;
- Жағалау маңы;
- Парк им. 30 летия ВЛКСМ города Балхаш;
- ВЛКСМ қалалық орталық саябақ;
- «Қазақтелеком» АҚ ғимаратының аумағы;
- Жидебай батыр ықшам ауданы 15 және 2 үйлер.
Бұл жұмыстар төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін бекітілген кестеге сәйкес жалғасатын болады.
Жүргізілген дезинфекциялық өңдеу қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына ешқандай зиян келтірмейді.
Мұндай жұмыстар Саяқ және Гүлшат кенттерінде де жүргізілуде.
30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Саяқ кентінде келесі жұмыстар жүргізілді: - Кенттің барлық дүкендерінде антисептикалық құралдар, маскалар, қолғаптар, дезинфекциялық құралдар бар. Төтенше жағдай режимін бұзу анықталған жоқ.
- «Семей-Қарағанды», «Балқаш-Саяқ» бағыттарындағы пойыздар тұрақты түрде тексеріліп тұрады. Кентке келген 131 жолаушы «COVID – 19» инфекциясына тексерілді. Барлық келгендер вахталық жұмысшылар.
- Аурухана қызметкерлері кенттің жекелеген санаттағы тұлғаларына көп реттік қолданылатын медициналық бетперделер таратты: 4 пен 18 жас аралығындағы балаларға 54 дана, 23 дана жүкті әйелдерге, 65 жастан жоғары қарттарға 42 дана. Бүгінгі күні табысталған бетперделер саны 580 дананы құрайды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login