Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары!
2020 жылдың 31 наурызында ҚР-ның Президенті елдегі төтенше жағдайға байланысты, азаматтарды қолдау үшін бірқатар тапсырмалар берді:

  • зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялау;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған және бейресми жұмыс жасайтын 42500 теңге көлеміндегі көмекті алатын азаматтардың санын кеңейту;
  • Азық-түлік және тұрмыстық қажетті жиынтықтарды ұсыну тізімін келесі санаттағы азаматтарға кеңейтті: 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға және ресми тіркелген жұмыссыздарға;

Қазіргі уақытта әлеуметтік көмек көрсету тетігін әзірлеу бойынша тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілуде.
Осыған байланысты қала тұрғындарына түсіністікпен қарап, байсалдылық танытуға шақырамыз. Күшіне енгеннен кейін нормативтік-құқықтық актілер туралы қосымша хабардар ететін боламыз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login