Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша IX республикалық пән олимпиадасы өтуде. Білім бәйгесіне қатысушыларына ұйымдастырушылар университеттің инженерлік бейімдегі физика-xимиялық зерттеу зертxанасымен таныстыру жұмыстарын жүргізді. Зертxана 2009 жылы ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасындағы үдемелі инновациялық даму бағдарламасына сәйкес ашылған. Ғылым мен білімнің, ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты аймақтың экологиялық проблемаларын шешу мақсатында жұмыс істеп келеді. 2009 жылдан бастап жақсы нəтиже көрсетуде. Атқарылған ең соңғы жұмыстардың бірі- бөтелке қалдықтарынан биополимерлер өндіру. Табиғи полимер негізінде алынған нанокомпозиттер қоршаған ортаға түскеннен соң тек қана ыдырамай,топырақтың құрамына құнарлылық қасиет беру мүмкіндігіне ие. Сондықтан да, университет ғалымдары осы мəселені шешудің оңтайлы жолын тапқан. Сондай-ақ, ластанған ауаны тазалау жолдарын игерген. Мұнда игеріліп жатқан титратор құрылғысы-мұнай және бензин құрамындағы суды 0,0001 мөлшерге дейін құрамын анықтай алады. Зертxанада ірі дамыған елдердің компаниялары (shimazu,ajillet) арқылы алынған түрлі аналитикалық құрылғылар пайдаланылады. Қорқыт ата атындағы ҚМУ Жапониядан шығарылған соңғы технологияларды пайдаланады. Мұнда 8 сектор бойынша әр түрлі бағытта, ғылымның іргелі-қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда зертxана базасында оқытушы профессорлар,13 қызметкер, оның ішінде жас ғалымдар жұмыс жасайды.
Динара Ниязова, инженер : Спектофотометр құрылғысымен инфрақызыл сәуле арқылы заттар құрамындағы сапалық та,сандық та анализ жасалады,қатты,сұйық,газ күйдегі заттарды түсіруге болады. Сәуле арқылы заттардың тобын анықтайды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login