Балқашта апатты жағдайдағы үйлерді анықтау үшін сараптама жүргізіледі

Балқашта жөндеуді қажет ететін үйлердің апаттық жағдайын білу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінетін болды. Қазынаның 6,5 млн теңгесіне екі үйге сараптама жұмыстары жүргізіледі. Қомақты қаржыны қажет ететін тексеріс жұмыстары бірінші болып Қазбекова көшесіндегі 1 үйде іске асады. 63 жыл бұрын тұрғызылған ғимараттың кірпіштері үгітіліп, қабырғаларындағы сызаттар төртінші қабатқа дейін жеткен. Сондықтан оны енді алдын алу үшін арнайы мамандар тексеріс жұмыстарын жүргізеді. Және дәл осындай шара Мұхамеджанов көшесіндегі 19 үйде жалғасын табады.

Сағатбек Балапанов – Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы
«Биылғы жылғы негізі қауіпті болып тұрған Қазбекова 1, Мұхамеджанова 19 үй. Осы үйлердің жағдайына байланысты төтенше жағдайлар отырсында қаралап, әкімнің өкімі бойынша комиссия құрылып бұл үйлерге сараптама кажет болып отыр. Әкімнің өкімі арқылы қалалық бюджеттен 6,5 млн ақша қаралып отыр».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture