Балқаштық тұрғын ескі фотоаппараттарды жинақтайды

Балқаштық тұрғын ескі фотоаппараттардың түр-түрін жинаумен айналысады. Коллекционердің қорында қазір 40-қа жуық сурет түсіретін құрылғы мен 20 — ғасырлардағы кино камера бар. Бір қызығы оның барлығы әлі күнге дейін жұмыс істейді.

Ескі фотоаппараттарға деген құмарлық Стас Плотниковтың бойында алғашқы кеңестік «Зенит» маркалы құрылғыдан бастау алған. 80 жылдары шығарылған аппарат әлі де сол қалпы су жаңа кейіпінде сақтаулы. Бірақ  қазіргі күні дүкендерден оны сатып ала алмайсың. Сондықтан, оған ұқсас түрлерін 26 жастағы тұрғын ғаламтор желісінен іздеп жүр.

Стас Плотников – коллекция жинаушы:
«Мен коллекциямен айналысамын деп ойлаған жоқпын. Басында тек фотоаппараттардың объективтарын іздеп, жинадым. Бірақ кейін бұрын олар қалай болған екен деп қызыға бастадым.Оларды интернеттен табу оңай, бірақ бағасы қымбат».

Коллекционердің қорындағы фотоаппараттар тізімінде ең қымбаты және ең көнесі «Зоркий 3М» маркасы орын алады. Өйткені, Өскеменнен жеткізілген құрылғыны 60 жыл бұрын неміс ұлтының мамандары шығарған. Ал оның құны 7 мың теңгеге бағаланыпты.

Стас Плотников – коллекция жинаушы:
«Бұл фотоаппараттар 1954 жылдан 56 жылдар аралығында, екі жыл жасалып, шығарылды. Оның қанша дана болып сатылғандығын ешкім білмейді.Алайда, сапа жағынан мықты. Тек пленка салып қойсаң болды, түсіре береді».

Міне, осылайша 90 — жылдары әуесқой кино мен сюжеттер түсірілген. 30 метрлі пленка арқылы ел назарына туындылар ұсынылған. Әрине, мұндай кинокамералар қазір жұмыс істеп тұрғанымен, оны экран бетіне шығара алмайсың. Себебі, заманауи техника- сандық қосымша арқылы іске асуда.

Жалпы, балқаштық коллекция жинаушының қорында 35 фотоаппарат пен кино түсіретін 2 камера бар. Және ол ендігі жинағын «Киев»маркалы орташа форматты, кішкентай пленкалармен суретке түсіретін құрылғымен толықтырмақшы.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture