Балқаш қалалық саябағына 170 түп көшет отырғызылды

Қалалық саябаққа 170 түп көшет отырғызылды. Бәрі де терек ағашы. Ал, талдарды суарумен «Зеленстрой» мекемесі айналысады. Олар бұл жұмысты бүгіннен бастады. Әзірше маусымға дейін бөшкемен су әкеліп, қолмен суармақ. Ал, жаз айында бұл жерде суару жүйесі іске қосылады. Айта кетейік, 2015 жылы осы орталық саябаққа және көл жағалауындағы Жас жұбайлар аллеясына 400- ден аса ағаш егілген болатын. Оған қалалық бюджеттен 9 млн теңге бөлінген еді. Алайда, дер кезінде суарылмағандықтан оның тең жартысы қурап қалды. Мұндай жағдай қайталанбас үшін «Зеленстрой» мекемесі жас көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарымен 2 жыл бойы айналысатын болады.

Алтыбай Сағындықов-«Зеленстрой» ЖШС бригадирі
«Талдардың толық өсіп шығуы бәрі біздің міндетіміз. Аптасына 3 рет суарамыз. Өзіміз питомник бар сонда өсіріп шығарамыз. 4-5 жыл болды егіп шығарғанымызға осыны».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture