Балқашта 3 күн бойы ауыз суды хлорлайды

Балқашта ауыз суды хлорлау жұмыстары жүргізіледі. Тіршілік көзін тазалау процесі 11-нен 13- сәуірге дейін созылады. Мұндай шара санитарлық эпидемиологиялық ереже бойынша жылына бір рет көктем айында жүргізілуі тиіс. Соған сәйкес Балқаш Су мамандары 10 мың текше су сиятын 3 резервуарды тазалап, онда хлор себеді. Ал, құбырларды тазалау үшін сол суды қалаға жібереді.  3 күн бойы сұйықтықтың 1 литрінде 38-50 мг хлор ерітіндісі болатындықтан, краннан ағып тұрған суды ішуге болмайды. Одан адам уланып қалуы мүмкін. Сондықтанда мамандар тұрғындарға қазірден бастап су толтырып алуға кеңес береді.

Роза Бәкішева-«Балқаш Су» КМК зертхана басшысы
«Хлорлау жұмыстары 11-13 сәуір аралығында жүргізіледі. Су тез тазару үшін кранды ашып қоюға кеңес береміз. Залалсыздандыру жұмыстары жасалғанда 1 литр судың құрамындағы хлор мөлшері 38-50 мг болады. Ал, кейін оның көлемі 0.5-0.1мг дейін азаяды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture