Соңғы уақыттағы ауа райындағы өзгерістер ел тұрғындарын таң қалдырудан жалығар емес. Кеше тоқтамастан жауған жаңбыр,бүгін қармен жалғасын тапты. Екі –үш сағаттағы ақ ұлпаның қалыңдығы бір сантиметрге жетті. Осылайша елімізде циклон орын алуда. Шаһарда соңғы рет мұндай өзгеріс 2014 жылы болды. Ол кездегі сәуір айында қар қалың жапқантын.Дей тұрғанымен биыл үш жыл бұрынғы көрініс болмайды. Синоптик мамандардың айтуынша, жақын күндері қалада күн жылынып, нағыз көктем келеді. Ертеңнен бастап күндіз сынап бағанасы 10-15 гардусқа дейін көтеріліп, кешкі уақытта минусқа дейін түсетін болады. Ал демалыста күн тағы да жылына түседі.
Людмила Минигалиева — «Қазгидромет»РМК Қарағанды облыстық филиалының инженер-синоптигі
«Аптаның соңы жауын-шашынсыз болады деп жоспарлап отырмыз. Бірақ кейбір жерлерде тұман, оңтүстік-батыстағы жел оңтүстік-шығысқа қарай ауысып сек. 9-14 метрге дейін жететін болады. Осылайша күн біртіндеп жылынады».ы
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login