Балқаштық кикбоксшылар облыстық жарыста жеңіске жетті

Жерлестеріміз 9 жүлдені өз қанжығаларына байлаған, оның үшеуі алтын болса, үшеуі күміс, қалған үшеуі қола медаль. Қарағанды қаласында кикбоксшылар арасында  облыстық чемпионат өтті. Аталмыш дода 2001-2004 жылғы жастар арасында ұйымдастырылған. Оған облысымыздың өзге өңірлерінен 10 команда, жалпылай алғанда 150 спортшы қатысты. 3 күнге созылған сайысқа Балқаштан 11 кикбоксшы аттанып, оның 9 жүлдемен оралды. Атап айтсақ, Мұратов Әділ, Кербеков Сұлтан және Нұрланұлы Айбат алтын медаль иегерлері атанды. Тағы 3 жерлесіміз күміске қол жеткізсе, 3 балқаштық қола жүлдемен оралды. Енді чемпион атанған кикбоксшылар 16 желтоқсан күні Астана қаласында өтетін ашық біріншілікте бақтарын сынайды.

Үсен Жомарт- жаттықтырушы:

«Жарысқа қатысқан балалар жақсы шықты. Жеңілген балалардың сайыста тәжірибелері жетпеді. Олар 1 жылдай қатысып жүрген балалар. Ал бірінші орын алғандар 2,3 жылдан астам қатысып жүргендер. Енді алдағы уақытта Астана қаласында ашық біріншілік өтеді. Бұйыртса сол жарысқа дайындаламыз.»

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать