Жыл басынан бері екі мың балқаштық тік ішек ауруымен есепке алынған

Жыл басынан бері екі мың балқаштық тік ішек ауруымен есепке алынған. Соның ішіндегі 15 адамнан рак ауруы анықталыпты. Проктологтың айтуынша көбісі дәрігерге кеш жүгінеді. Мәселен 4 тұрғын қатерлі ісік асқынып, соңғы сатыға жеткенде қабылдауға келген. Нәтижесінде екеуі көп ұзамай көз жұмды, ал қалған екеуі ем қабылдауда. Ал тік ішек ауруымен есепке алынған 2 мың адамның 15-не ота жасалды. Дәрігерлер дертті уақытында анықтап, емдеу үшін дер кезінде мамандарға көрінуге кеңес береді.

Бекұхамбетова Әйгерім– хирург проктолог:
«Балқашта рак ауруы көбінесе 40 пен 70 жас аралығындағы тұрғындарда кездеседі. Адам жылына бір рет гастроскопия тексерісінен өтуі қажет. Біз жолдама бойынша қабылдаймыз.
Сондай-ақ биыл 2 мың адам асқазанын тексерткен. Оның қорытындысы бойынша 16 балқаштықтың қатерлі ісікке шалдыққаны белгілі болды. Оның ішіндегі төртеуі 30 жасқа дейінгі тұрғындар. Емдеу барысында кейбірінің асқазанын жартылай және толықтай алып тастауға тура келді.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать