Балқаштан 4 шақырым жерде жол апаты болды. Балқаш станциясының маңында екі көлік соқтығысып, екі адам ауруханаға түсті. Жол көлік оқиғасы бүгін түскі 3 тер шамасында болды. Екі автомобиль Ока және лада қаладан шыққан. Алайда Балқаш станциясынан өте бергенде Ока оңға бұрылмақ болады. Сол кезде артында келе жатқан Лада оны басып озбақ ниетпен, қарсы жолаққа шығып, екеуі бірі-біріне соғылады. Нәтижесінде екі көлікте аударылды. 2 адам зардап шекті. Бірі Ока жүргізушісі, екіншісі келесі көлікте болған жолаушы. Оларды жол бойындағы құтқарушылар орталық аурухаға жеткізді.Өкінішке орай, жүргізушінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол екі сағаттан кейін жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Ал жолаушы болса дін аман. Оны дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберді.
Қуат Хайдаров – –Қарағанды облысы медицина және апат орталығының жетекшісі
Зардап шегуші жобамен алғанда 2 сағат, 10 мин кейін көз жұмды. Ол аса ауыр бас-ми жарақатын алған. Ішкі ағзасына зақым келген. 3 дәрежелі комада болды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login