Балқаш жаңалықтары 18.09.2018

1. Балқаш маңында болған көлік апатынан зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр. Онымен бірге болған 3 адам дәрігерлердің тексерісінен кейін, үйлеріне жіберілген.

2. Балқаш тұрғынын ішімдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Ер адам өз еркімен жаман әдеттен бас тартқысы келмеген. Сол себепті сот осындай үкім қабылдады.

3.Шаһар аязды күндерге дайын. Балқаш пен Қоңырат және Саяққа қажетті көмір әкелінді. Алайда, жеке меншік үйде тұратын тұрғындар үшін бұл мәселе әлдеқайда қиындау болып тұр. Өйткені, биыл бір тонна көмір бағасы 11 мыңнан -20 мың теңгеге дейін саудалануда.

4.Сізге учаскелік дәрігеріңіз ұнамай ма?Сізге қарасты емхана бөлімшесі көңіліңізден шықпай ма? Онда сізде таңдау бар.Бүгіннен бастап Балқашта учаскелік дәрігерді ауыстыру шарасы басталды.

5. 2018 жылдың 1 қазанына дейін жеңілдетілген салық жүйесімен жұмыс жасайтын 27 бизнес өкілі онлайн кассалық аппаратты орнатуға міндетті. Әйтпесе, 36 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.

6. Қазақстанда жалақысы жоғары мамандықтар белгілі болды. 2018 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша ең көп табыс табатындар жоғарғы менеджмент мамандары. Бұл салада жұмыс істейтіндер айына 1 млн 650 мың теңгеге дейін жалақы алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать