Балқаш пен Қоңырат және Саяққа қажетті көмір әкелінді. Алайда, жеке меншік үйде тұратын тұрғындар үшін бұл мәселе әлдеқайда қиындау болып тұр. Өйткені, биыл бір тонна көмір бағасы 11 мыңнан -20 мың теңгеге дейін саудалануда.
Қалалық жылу электр станциясы қаһарлы қысқа әзір. Қазір шаһар тұрғындары үшін 130 мың тонна көмір мен 830 тонна мазут дайын тұр. Бұл жылу маусымының 2,5 айына толық жеткілікті. Ал қалғанын жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін әкелетін болады. Өйткені, қазір станцияның жылу жүйелері тексеріліп, су жылытқыш құбырлар сынақтан өтуде.
Валерий Истомин- қалалық жылу электр станциясының директоры:«Қыстың алғашқы айларына қажетті көмір мен мазут бар. Қалғанын жөндеу жұмыстары аяқталысымен толықтыратын боламыз. Қазір ыстық су мен жылу құбырлары жөндеуден өтіп жатыр. №9 қазандық пен №6 трубинаның сапасы тексерілуде. Мұндай жөндеу жұмыстарды 22 қыркүйекке дейін аяқтаймыз».
Ал Қоңырат мөлтек ауданы мен Саяқ кентіне 50-50 вагоннан қара отын жеткізілді. Яғни, әр қайсысына 3400 тоннадан бөлінді. Алайда, бұл 189 күндік жылу маусымына жеткіліксіз. Сондықтан қазан айының соңына дейін әлі де 7 тоннадай көмір түсірілетін болады. Мұның барлығына қалалық бюджеттен субсидия жасалып, 202 млн теңге қаржы жұмсалды.
Серікбол Толпаков- «Су Жылу Транс» КМК директор орынбасары:«Жоспарға сәйкес Қоңырат пен Саяқ кентіне 15 мың тонна көмір қажет. Қоңыратқа 8 тонна, Саяққа 7 тонна. Қазір оның жартысы әкелінді. Ал көмірдің сапасы жақсы. Барлық талаптарға сай келеді. Қарағанды қаласындағы арнайы экспертизадан өтті ».
Бірақта, қалада көмір жағып, пеш қыздаратындар үшін отын уайымға айналды.Өйткені, шаһардағы алыпсатарлар қара алтынның бағасын тағы да шарықтатып жіберді. Бүгінде бір тонна көмірді 11 мың теңгеден бастап, 20 мың теңгеге дейін сатып алуға болады. Оған қоса, үйге жеткізу үшін көлік жалдау керексің. Ал оның бір рейсі 4-5 мың теңге тұрады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login