Балқашта 370 адам электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа тұрған. Жұмыс берушілер мен оны іздеушілерге арналған республикалық портал Балқашта сәуір айында іске қосылған болатын. Сол уақыттан бері балқаштық мекемелер мен кәсіпорындар жалпы саны 70 ұйым керекті мамандар тізімін электрондық еңбек биржасына жариялаған. Екі қолға бір күрек іздеп жүрген 500 ден аса Балқаш тұрғыны өз түйіндемесін қалдырып, нәтижесінде 370-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал мұндай мүмкіндікке «enbek.kz» сайтына тіркелу арқылы қол жеткізуге болады. Онда жұмыскер іздеуші мекеменің мекен-жайы, байланыс телефоны, тіпті төленетін жалақы көлеміне дейін көрсетілген.
Сымбат Бакирова-жұмыспен қамту орталығының маманы:«Электронды еңбек биржасы арқылы, жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы ақпарат бере алады. Ал жұмыс іздеуші азаматтар түйіндемелерін тіркеу арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады. Әрбір жұмыс берушіні осы электронды еңбек биржасына тіркелуге шақырамыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login