Балқашта ауыл шаруашылығына 18 мың гектар жер беріледі

Биыл Балқашта ауыл шаруашылығына 18 мың гектар жер берілетін болды. Қазақстандықтарға жер телімдері бұрынғыдай аукционмен емес, байқау арқылы үлестіріледі. Өйткені, елбасы ауыл шаруашылығымен айналысамын деген шетелдіктерге аукционға қатысуға 2021 жылға дейін мараторий жариялады. Ал төрт түліктің басын көбейтемін деген отандастарымыз мемлекет ұйымдастыратын байқауға қатыса алады. Ол үшін тек қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне барып өтініш жазу керек. 2017 жылы ауыл шаруашылығына жер Балқаш қаласының солтүстік- шығыс аймағынан, яғни оның ішінде шаһардан өзге Қоңырат мөлтек ауданы мен Саяқ кентінен беріледі.Жалпы тұрғындарға 20 жер телімі үлестіріліп, 49 жылға дейін жалға беріледі.

Айнұр Мамытова- қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекшісі
«Ауыл шаруашылығына арналған байқауға қатысу үшін бізге келіп өтініш жазу керек. Құжаттар тізімінде дипломмен қатар қандай техникалардың барын, қолда бар төрт түліктерін жазуы керек. Егер дипломы сәйкес келмесе, жер алушы агроном секілді басқа адамдарды жұмысқа қабылдай алады. Бастысы бизнес жоспары болуы тиіс».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture