Қарағанды облысында 5 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды

 

Қарағанды  облысында  5 күннің  ішінде  5 бала терезеден  құлап, үшеуі  аман  қалды. Ал қалған  екеуі  алған  жаратқаттарын  жеңе алмай қайтыс  болды.   Сондықтан,  жаз  кезінде  ыстық деп  терезені ашып қалдырмаңыз. Оған қоса,  баланы  көзден  таса қылмаңыз. Себебі,   қазіргі    терезенің  тор  көздері мықты емес. Құласа, мерт болуы мүмкін.

Біріншіден ешқашан шыбын-шіркейден  қорғайтын   торға  сенім  артпаған  жөн.  Олар  қауіпсіздік  үшін арналмаған. Сондықтан  көпқабатты   үйде  бала  болса,  міндетті   түрде   терезеге  металлдан  жасалған арнайы  арқан-жіпті   орнату  керек.Ол  пластик терезені   тек   5-10 сантиметрге  ғана  ашуға  мүмкіндік береді. Және оны   бала   өзі  жұлып,  сындыра  алмайды. Ал бағасы  бар  жоғы  2000 теңге.

Айдос Сеитбеков – пластик терезені жинаушы

« Ол  құрылғылар терезені  қатты ашпайтындай,  балалар   құлап кетпейтіндей  ұстап  тұрады. кілтпен  ашылады.  Ашу керек болса  кілтпен  бұрай саласыздар, толық  ашуға болады ».

Ал  екіншіден егер сізде дәл қазір бекіткіш және сақтандырғыш құралдарды қоюға мүмкіндік болмаса,терезенің  тұтқасына  кілтті  орнатыңыз. Оның  артықшылығы сіз  кез-келген жағдайда терезені  құлыптап,  тұтқасын алып тастай  аласыз. Яғни,  балаңыз  оны  қалайда  болса  аша  алмайды.

Айдос Сеитбеков – пластик терезені жинаушы:

« Мына  екі   болтты бұрап,   терезені  жабамыз да тұтқаны шығара  саламыз. Және  балалардың  қолы  жетпейтін жерге  тығып  қоямыз. Терезе  ашылмайды. Содан кейін  оны  ашқыңыз келсе  ашып  жүре бересіз ».

Бұдан   өзге,   баланың  қауіпсіздігі үшін –терезеге  тор көздер  орнатуға  болады.  Қазіргі  күні  үлкен сұранысқа ие тор- алюминнен  жасалған. Ол терезенің  сыртына  бекітіліп, 50 келіге  дейінгі  салмаққа   шыдас береді.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать