Терезеден жиһаз қалдықтары мен темір кір тасын лақтырған балқаштыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тапа-тал түсте тұрғындарды шошытқан еркек енді заң алдында жауап беретін болады.
Оқиға ағайынды Мусиндер көшесінде болды. Видео авторының айтуынша, жерде шашылып жатқан орындықты төртінші қабаттан бір еркек лақтырған. Алдымен ол ағаштарды, содан кейін 20 келілі кір тасын жоғарыдан тастай салған. Абырой болғанда, сол уақытта есік алдында ойнап жүрген екі бүлдіршінге тимей, аман қалды. Ал оқиға орнына жеткен полицейлер бұзақы көршіні тәртіпке шақырып, сөйлесті. Анықталғандай, елуді еңсерген еркек сол күні мас болған. Өз ісіне жауап бере алмаған. Бірақ та, оған қарамастан бұзақылық фактісін жасаған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Және тергеу амалдары аяқталғаннан кейін күдікті 480 мың теңге айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін бас бостандығына шектеу қойылады. Тіпті болмаса темір торға тоғытылуы мүмкін. Алайда, нақты жаза алдағы күні сот отырысында белгілі болады.
Роллан Ілдебаев – Жергілікті полиция қызметінің басшы міндетін атқарушы
«Қазіргі күні күдіктіге қатысты ҚРҚК 293 бабы бірінші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Барлық құжаттар жиналды. Тергеу амалдары жалғасуда. Қорытындысына сәйкес азамат жазаланатын болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login