Ұлттық банк 7-20-25 бағдарламасын бекітті

Ұлттық банк 7-20-25 бағдарламасын бекітті. Жаңа ипотекалық бағдарлама арқылы кез-келген қазақстандық баспаналы бола алады. Ол үшін қолыңызда пәтер құнының 20 пайызы болса жеткілікті. Қалған соманы 7 пайыздық  жылдық үстемемен  банктен несиеге аласыз. 25 жылға дейін. Алматы, Астана, Ақтау, Атырау қаласының тұрғындары 25 млн несие дейін рәсімдей алады. Ал қалған өңірлер үшін  оның көлемі 15 млн болып бекітілді. 7-20-25 бағдарламасына меншігінде үйі жоқ кез келген тұрғын қатысуға мүмкіндік алып отыр. Банктерді Ұлттық банктің қарамағындағы «баспана» ипотекалық ұйымы қаржыландырады. 1трлн бөлу көзделген. Алайда, әзірге бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі қаржы орталықтарының тізімі белгісіз. Анықталысымен тізім  ұлттық банктің ресми сайтында жарияланады.Бағдарламаны іске асыру ағымдағы жылдың екінші жартысында басталады.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать