Балқашта 32 жастағы келіншек жоғалып кетті

Балқашта  32жастағы келіншек    жоғалып  кетті.  Марьяна   Сабо  есімді  тұрғын 10 күннен  бері  із-түзсіз  жоқ.Оны туысқандарымен бірге   полицияда  іздеп  жатыр.  Бірақ нәтиже  мардымсыз. Енді  іздестіру  тобына  еріктілерде  қосылмақшы. Марьянаның  әпкесінің  айтуынша,  ол 8 мамыр күні   түскі  уақытта  үйден шығып  кетіп,  қайтып оралмаған. .Сол  күні үстінде  жасыл  жейде  мен  көк  түсті   спорттық  шалбар болған. Туысқандары   ертеңгесін  хабарласқанымен  телефонын  көтермей,  кейін  өшіріп тастаған көрінеді. Содан бері    Марьяна  Сабо туралы  ешбір ақпарат  жоқ.  Айта кету керек, Марьяна   бала күнінен бері  психоневрологиялық  диспансерде есепте  тұр. Ол бұған дейін де бірнеше рет хабарсыз  кетіп,  қайтып  оралған.  Көрген адамдар  білсе  экранда  көрсетілген   телефонға  хабарласуларыңызды  сұраймыз.

Ульяна Абрамова- М.Сабоның  әпкесі

«Марьянаны   біреулер  12 мамыр  күні   Шашубай кентіндегі  дүкеннен  көрген. Бірақ  артынан  іздегенімен, әлі табылмады.  Телефоны 9  мамырдың  кешкісінен  бастап  өшіп тұр.  Бұрын ол  бұлай  ұзаққа  кетпейтін».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать