Балқаштық жастар ескерткіштерде QR-код орнатуда

Қаламыздағы ескерткіштерде QR-код пайда болды. Енді кез-келген адам смартфонның көмегімен мәдени мұралар туралы ақпаратты біле алады. Жергілікті жастар бес монументке штрихкод орнатты. Ал мамыр айының соңына дейін барлық ескерткіштерде пайда болмақ.

Мына кодтқа басып қалсаныз болғаны, мәңгілік алау туралы ақпарат бірден экран бетінде пайда болады. Мемариолдың авторы кім, ол қашан ашылды, кімдерге  арналған? Оның барлығы QR-кодта сақталған.

Расул Қасенхан – жастар ресурстық орталығының директоры

«Қазіргі таңда бүкіл ескерткіштереге QR код қойылып жатыр. Осы уақытқа дейін бұл кодты 100 дей адам қолданыпты. Мәңгілік алаудағы кодтты 23 адам қарапты. Бұл бағдарламаның ең қызықтысы сіздің толықтыруларыңыз болса, пікір қалдыра аласыздар. Біз ол ақпаратты өңдеп, толықтырамыз.

Ішінде мәлімет жасырылған кодттар мәңгілік алау мемориалында, мен сені сүйемін Балқаш композициясында және Мағауия Хамзин ескерткішіне орнатылған. Бүгін бұл тізімді Алғашқы құрылысшыларға арналған ескерткіш пен ұшақ толықтырды.

ЖанғалиАмантаев – жастар ресурстық орталығының директоры

«Алдағы уақытта ағыбай батыр, Русаков ескерткіші Осы мамыр айының соңына дейін алдағы уақытта барлық ескерткіштерді қамтимын деген ойдамыз».

Алайда, мұндай бастаманы бағаламаушылар да табылып жатыр. Екі ескерткішке жапсырылған  QR-кодтты белгісіз біреулер жұлып тастаған. Жастар ресурстық орталығының мамандары кодтты қайта қалпына келтіруге уәде берді. Деседе орнатылған дүниеге тұрғындар ұқыптылықпен қараса дейді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать