Азаматтық некедегі әйелін өлгенше ұрып-соғып, кейін атып өлтірген қандықолға қатысты сот үкімі шықты. 32 жастағы Балқаш тұрғыны 11 жылға сотталды.
Адамның ойына кіріп-шықпайтын оқиға өткен жылдың қараша айында болды. Ол былай өрбіген. Ерлі-зайыптылар мейрамхана барып, ішімдік ішіп тойлатады. Содан үйге келіп, отырыстарын жалғастырады. Бірақ, арада санаулы минут өткен соң екеуі ұрысып, еркек келіншегін өлгенше сабап тастаған.Оған қоса, 34 жастағы әйелін пневматикалық қарудан 3 рет атқан. Осылайша ашуын басқан күдікті естен танған жанды диванға жатқызып, өзі де ұйықтап қалған. Таңертең тұрса- әйел ұйқыдан оянбаған. Медициналық сараптаманың нәтижесінде келіншек қатты тиген 20 соққыдан қайтыс болғандығы анықталды. Ал бүгін де марқұмның артынан 13 жастағы баласы қалды.Және сотталушы оның туысқандарына 2 млн.теңге маральдық шығын өтейтін болды.
Айта кетейік, қандықолдың бірінші некедегі 6 жасар ұлы апасының қолына тапсырылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login