Өңірмен аттас тұрғындар. Балқашта «Балқаш» есімді жандар тұрады. Өздері түрлі саланың өкілдері. Білікті, білімді мамандар. Солардың бірнешеуімен бүгін кездесіп, тыныс-тіршіліктерімен танысқан болатынмыз.
Балқаш тұрғыны- Балқашбек Жақыпбаев. Шаһар атауымен аттас жан ертең 52 жасқа толады. Қарапайым отбасында дүниеге келген тұрғын бала кезден бері осы қалада тұрып келеді. Соңғы 30 жылда көлік жүргізушісі болып қызмет атқаруда. 5 ағайындының ішіндегі үлкені. 4 баланың әкесі. 1 немеренің атасы.
Балқашбек Жақыпбаев- қала тұрғыны
«Мен осы жақта туылғаннан кейін Балқашбек деп қойды.Одан кейін Қоңыратбек деген марқұм інім болған. Ортада әсіресе сыртқа шыққан кезде айтады. Қай жердесін, атың кім Балқашбек дегенде таң қалыстар болып тұрады».
Ал Балхаш Арыстанбекованың есімін марқұм әкесі қойған екен. Ұл болса да, қыз болса да Балқашта туылғандықтан солай болсын деген көрінеді. Сондықтан кейіпкер ешқайда қоныс аудармай, анасы және ұлымен Балқашта тұрып келеді. Күзет саласында қызмет атқарады. Оны анасы ерекше бала дейді.
Аманкүл Арыстанбекова- Б.Арыстанбекованың анасы
«Ұл болсын, қыз болсын атын Балқаш деп атайық деді. 7 жылдан кейін көтерген соң. Бұл ерекше. Әкесі Бақатай дейтін. Әкесі жақсы көріп 5-6 жасқа дейін мойына мінгізіп жүрді».Байнұракүл Құсаинова- Б.Арыстанбекованың әпкесі
«Балқаш қаласымен бірге жасап келе жатқаннан кейін бұл кәдімгі ел айтарлықтай бала болса екен деп ойлайтынмын. Анасының қасында, еркелеп жүр».
Дей тұрғанмен, елдер таң қалып жатқанымен, кейіпкерлердің азан шақырып қойған есімдері өздеріне қатты ұнайды.
Балхаш Арыстанбекова- қала тұрғыны:«Әрине менің есімім Балқаш деп аталып, осы қалада тұрып жатқаныма қуаныштымын. Қоғамдық жерлерге барғанда елдер таң қалып жатады. Бірақ, өзіме ұнайды».
Жалпы, шаһарда Балқаш атауымен аттас 6 тұрғын тұрады. Оның ішіндегі үшеуі Балқашбек болса, қалғаны Балқаш есімді жандар.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login