Балқаштық мұғалім өзіне қысым көрсетілгендіктен қолхат жазғандығын сотта дәлелдеп шықты. Ал құжатта баламды ұрды деп осыдан екі жыл бұрын өзін айыптаған ата-анадан ұстаздың 120 мың теңге қарыз алғандығы жазылған. Еске сала кетейік, 2016 жылы қыркүйек айында қала мектептерінің бірінде шу шыққан болатын. Балқаш тұрғыны 4 сыныпта оқитын баласын сынып жетекшісінің басынан ұрғанын нәтижесінде оқушының бас миы шайқалғандығын айтып, оның үстінен арыз жазады. Содан бұл іске қатысты бір емес 3 рет тергеу жүргізілді. Алайда, педагогты айыптау үшін дәлел жеткіліксіз болғандықтан іс қайта жабылған. Ал сотта ұстаз айыптаушы жақтың бұл істі әрі қарай апармай тоқтатуы үшін оқушының анасынан қарызға 120 мың теңге алдым деп, қолхат жаздырып алғандығын айтты. Артынша педагог бұл ісіне өкініп тіпті Президентке дейін хат жазған. Одан кейін бұл іске бас Прокуратруа араласқан. Ал бүгін сот отырысында қолхат қысым көрсетілу арқылы жазылғандықтан жарамсыз деп танылды. Айта кетейік, сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login