7 сәуір күні балқаштық дәрігерлер таза ауада қабылдау жүргізеді

Cенбі күні балқаштық дәрігерлер таза ауада қабылдау жүргізеді. Ерекше шара дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылады Ал қабылдауға кез-келген қала тұрғыны келе алады. 7 сәуір күні ақ халаттылар қалалық жағалауда ашық есік күнін өткізбек. Сағат 11 ден бастап  терапевт, невропатолог, педиатр — эндокринолог, психолог және коло проктолог өз салалары бойына балқаштықтарды толғандырған сұрақтарға жауап береді. Сонымен бірге тұрғындар өздерінің вич-статусын анықтап, қан құрамындағы қант  және холестерин деңгейін біле алады. Дәрігерлерден кеңес алу үшін өдеріңізбен бірге жеке куәлік болуы шарт.

Гаухар Смағулова –валиолог

Біздің мекеменің дәрігерлері Балқаш қаласының көл жағасындағы саябақта, яғни танк жанында  сағ:11 мен 2 аралығында медициналық кеңестер береді. Сондай-ақ спорттық шаралар қарастырылған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать