Балқашта балуандар 170 мың теңгені сарапқа салды

Айналаға шуақ сыйлаған көктемгі ұлық мерекеде қазақ күресінен сайыс өтті. Бүгін боз кілемге 20 балуан шығып, белдесті. Спортшылар 75 пен 100 келі аралығында чемпион деген атаққа тырысу үшін бар күштерін салды.

Балуандар бәсекесіне Абылай Орынке Қарағанды қаласынан арнайы келді. 22 жастағы қызыл киімдегі қонақ спортшы бірінші балқаштық жігітпен шықты. Және қарсыласының ірілігіне қарамастан алғашқы күресте жеңіске жетті.

Абылай Орынке – жарысқа қатысушы
«Бірінші күрес қиын өтті.Қарсыласымның салмағы ауыр болды.Сол сондада жеңіп шықтық».

Боз кілемнің иесі атануға 20 азамат өтініш білдірді. Ішінде балқаштықтардан өзге жақын қала-аймақтан келгендер де болды. Олар 75 келіден жоғары абсолютті салмақ дәрежелерінде бақтарын сынады. Басты талап қарсыластың жауырынын жерге тигізуі үшін 5 минут уақыт берілді.

Ізбасар Шакенов – Қалалық спорт бөлімінің жетекшісі
«Олимпиадалық жүйемен өтеді. Бір жеңілістен кейін шығып отырады. Содан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын боламыз. Бұл жарыс дәстүрлі түрде өтеді. Наурыз мерекесі болғаннан кейін,төл спортты жыл сайын өткіземіз».

Жалпы нәтижесінде мерекелік жарыста үш балуан үздіктер қатарына ілікті. Айла-тәсілін барынша қолданып 80 мың теңгеге балқаштық Самат Амантаев қол жеткізді. Ал екінші орын 60 мың теңгеге Думан Тихлов ие болды. Және үшінші орынға тігілген 30мың теңге Әбілхаир Мәуленинге бұйырды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать