Қаладағы 3 мектепте көп функционалды спорттық алаңдар пайда болады. Білім беру мекемелеріне шаһардың 80 жылдығына орай осындай сый жасалмақ. Ал, мұндай сыйға №10, №17 мектеп пен гимназия ие болады. Футбол, волейбол, баскетбол ойнауға жарамды спорттық алаңдарды салуға қалалық бюджеттен 40 млн теңге бөлінген. Сонымен бірге қыркүйек айына дейін «Металлург» стадионын жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Спорттық нысанды жаңарту үшін 45 млн қажет. Қазір бұл мәселе облыс көлемінде шешілуде. Жоғарыдағылар өз келісімін берісімен құрылысшылар іске кіріседі. Және онда қаланың 80 жылдығына орай түрлі деңгейдегі сайыстар өткізілмек.
Ізбасар Шакенов-білім бөлімінің спорт сектор меңгерушісі
«Қарағанды облысы қалаларының арсындағы «арай-2017» біздің қалада өтеді. Ол спорттың 12 түрінен өтеді. Сол жарысқа 1000-нан аса спортшы қатысады деп көзделуде. Сонымен қатар, қала күнін тойлаған күндері ат жарыс пен қазақ күресінен жарыс өтеді деп көзделіп отыр».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login