Жол көлік оқиғасынан жүкті келіншек зардап шекті

Жол көлік   оқиғасынан  жүкті  келіншек  зардап шекті.    Болашақ анаға медициналық  көмек көрсетіліп,  аман қалды. Жолдамамен  Қарағанды  қаласына  жіберілді.Ал жол көлік  оқиғасы   кеше     Жезқазған мен Ағыбай батыр көше қиылысында   болды.   Түңгі   сағат 10-ның шамасында   Ниссан  көпірден түсіп келе  жатады. Оған  Volkswagen  қарама-қарсы көтерілмек  болады. Алайда, Ниссанның  27  жастағы  жүргізушісі  Volkswagen-ді өткізіп жібермей, бүйірден соғады.Қатты соққыдан  Volkswagen  Жезқазған  көшесінің  жол бойында тұрған Маздамен қақтығысқанСалдарынан   Фольсвагеннің  ішіндегі  жүкті  келіншек дене жарақаттарын алды.Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп,  облысқа жіберілді. Ал басқа адамдардың  барлығы аман. Тек  үш көлікте  майысып  қалды.

Алмас  Қалиашев- Жергілікті  полиция  қызметінің  аға инспекторы

«Қазір  жол  көлік  оқиғасына байланысты  арнайы сараптама  жұмыстары   тағайындалды.Алдын-ала  болжам бойынша  Ниссанның жүргізушісі  кінәлі. Ол Volkswagen-ді өткізіп жіберу  керек  еді.Бірақ, барлық  тексерістен аяқталғаннан кейін  ғана  нақты жазасы  белгіленетін болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать