Балқаш маңында дәретхана қағазы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Балқаш маңында 7.5 тонна дәретхана қағазы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Оқыс оқиға қаладан 40 шақырым жерде болды.  Анықталғандай, көлік Алматыдан Көкшетауға жол тартқан.  Алайда, діттеген жеріне жете алмады. Сағат түнгі 11 лер шамасында өрт тұтанып, Балқаш қаласының құтқарушылары 1 сағаттың ішінде оқиға орнына жеткен. Келе сала қызыл жалынды сөндіруге кіріскенмен жүк көлігі жүгімен қоса толықтай жанып кетті. Мамандар түнгі 2 ге дейін тілсіз жаумен алысқан. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Дін аман. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша қысқа тоқтың тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Исламбек Кәрібеков-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің аға инженері

« Өрт сөндіруге 8.5 тонна су және 145литр көбіктүзгіш жұмсалды. 687 белгі біздің қызмет ету аймағына жатпағандықтан, құжаттар Ақтоғай ауданының ТЖ бөліміне жіберілді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать