Балқаштық оқушы А гепатитін жұқтырды

Қарағанды облысында 50 адам А гепатитін жұқтырды. Оның  70% оқушылар. Өңірде бұл аурудың белең алуы байқалады. Балқаштың өзінде 1 жағдай тіркелді.

Балқашта осы ауруға байланысты ватсап желісінде пайда болған хабарлама елді шошытты. Онда қаладағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушылары жаппай А геппатитін жұқтырды деп жазылған. Алайда, бүгін бұл хабарды мамандар ресми түрде жоққа шығарды. Дәрігерлердің айтуынша, дерт белең алғалы бері Балқашта тек  жағдай тіркелген.

Сәуле Қапенова – халықтың денсаулығын  қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлім  жетекшісі

 «Таралған хабар шындыққа жанаспайды.  Күн сайын мектеп медбикелері балаларды қарап, тексеріп шығады.  Оқушылар бақылауда. Әзірге тек 1 жағдай тіркелді.

Анықталғандай Балқашта боткин ауруын 14 жастағы жеткіншек жұқтырған. Ол дерттің жеңіл түрімен ауырған. Алғашында бала тұмауратқан екен. Содан денесі сарғыш тарта бастағанда ата-анасы дәрігерге көрсетіпті. 8 сынып оқушысы инфекциялық бөлімде 10 күн жатты ем алып, жазылғаннан кейін үйіне жіберілді.

Гүлфиза Абжаппарова – инфекциялық бөлім меңгерушісі

«Терісінің және кіші дәретінің түсі өзгерген кезде анасы дәрігерлерге жүгінген. Балаға гепатит А диагнозы қойылды. Емделіп, жазылды. Алайда, енді диета ұстау керек.

Қарағанды облысында гепатит дертінің бұлайша көп таралуы осыдан 14 жыл бұрын тіркелген. 2004 жылы вирус су құбырына түсіп, 1000 нан аса адам ауру жұқтырған. Соны ескерген мамандар әр жердің суынан 50 сынама алып, 30 шақты көкеніс пен жеміс-жидектің түрін тексерді. Нәтижесінде қызылша мен шалғамда А гепатиті табылыпты. Сондықтанда эпидемиологтар тек қайнаған су ішіп, көкеністерді қайнатып, жеміс-жидектерді мұқият жуып, ыстық сумен залалсыздандыруға кеңес береді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать