Тұрғылықты жерге уақытша тіркеу уақытын смс арқылы ұзартуға болады

Қазақстанда тұрғылықты жерге уақытша тіркеу уақытын смс арқылы ұзартуға болады. Мерзімнің аяқталуына 1 күн қалғанда үй иесіне және оның баспанасында тіркеуде тұрған азаматқа хабарлама келеді. Бұл қызмет түрі енді енгізілуде. Деседе, қазірдің өзінде смс арқылы баланың туу туралы куәлігін алып, тұрғылықты жерге тіркеуге болады. Жыл басынан бері ХҚКО мамандары нәрестелі болған 50 анаға құттықтау хат жіберіп, мемлекеттік қызмет алуға ұсыныс жіберген. Нәтижесінде 10 әйел үйден шықпай-ақ баласының алғашқы құжатына тапсырыс берді. Бесеуі сәбиін бала бақша кезегіне тұрғызып, бір ана жәрдемақы рәсімдеген. Мұндай қызмет түрін алу үшін ХҚКО келіп, мобильді азаматтар базасына тіркеліп, ұялы телефон нөмерін көрсету қажет. Бір айта кетерлігі, келіп түскен хабарламаға жауап берер кезде онда көрсетілген  кодттарды дұрыс теру керек.

Бағдат Жакупбекова –қалалық ХҚКО  жетекшісі

«Баланың туу туралы куәлігін алу үшін кодтты дұрыс теру қажет. Сонымен бірге баланың аты жөні қазақша болса, онда ә, қ секілді әріптерді қазақша жазу керек.Ал егер код дұрыс жазылмаса онда, қызмет көрсету кешіктіріледі. Ондай кезде аналар ХҚКО келулері қажет».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать