Балқашта суық су бағасы қымбаттады

Жаңа жылдан бастап еліміздің 12 өңірінде коммуналдық қызмет құны көтеріледі. Бұл тізімде Балқашта бар. Қаңтар айында суық судың бағасы 10 теңгеге қымбаттайды. Ал жылу мен ыстық су ақысы биыл өспейді. Табиғи монополияларды реттеу департаменті коммуналшылардың тарифті көтеру туралы ұсынысын қабылдамады. Есесіне қараша айында ғана өскен  тіршілік көзінің 1 текше метрі 152 теңгеден 160 теңгеге жоғарылайды. Судың бағасын қымбаттату мұнымен аяқталмайды. Енді оның құны 2021 жылға дейін әр 12 ай сайын 10 теңгеге көтеріліп отырады. Осылайшы 3 жылдан кейін тіршілік көзінің ақысы 182 теңгеге жетеді. Айта кетейік, бұл дифференциалды тарифті табиғи монополияларды реттеу департаменті бекіткен болатын.

Виталий Матюшкин-«Балқаш СУ»  КМК  өндірістік бөлім басшысы

«Еске сала кетейін, табиғи монополияларды реттеу департаменті Балқаш қаласына арнап суық суға 5 жылдық тариф бекіткен. Бұл турады бұйрық 2017 жылдың 12 қыркүйек айында шықты. Ал 1 қарашадан бастап өз күшіне енді.

 

Суық су  бағасы  (1м3)

Қараша  2017ж.                     152,94 теңге

Қаңтар  2018ж.                     162,12 теңге

Қаңтар 2019ж.                    170,22 теңге

Қаңтар 2020ж.                     177,03 теңге

Қаңтар 2021 ж.                     182,35 теңге

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture