Балқаш тұрғыны 2 жасар қызының өлімі үшін 25 млн. теңге талап етіп отыр. Ол соттың моральдық шығынды марқұм баласын көлігімен қағып мерт қылған жүргізушіден өндіріп бергенін қалайды. Еске сала кетсек, оқиға 2016 жылы маусымда Жидебай батыр мөлтек ауданында болды. 2 жастағы бүлдіршін 8 жасар әпкесімен аулада ойнап жүреді. Және бір уақытта тоқтап тұрған көліктің қасына келеді. Ал сол сәтте темір тұлпар қасындағы баланы көрмей қалып, басып өтеді. Нәтижесінде, ауыр жарақаттан бүлдіршін оқиға орнында қайтыс болады. Осы қылмыстық іске байланысты сот тыңдалымы бір жыл бойы жүргізілді. 2017 жылы 36 жастағы кінәлі азамат 2 жыл 6 айға сотталып, үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Бірақ, ол рахымшылық заңына ілігіп түрмеге тоғытылмай, тек көлік басқару құқығынан шектетілді. Алайда, марқұм қыздың әкесі бұл шешіммен келіспей, моральдық шығын талап етуде.
Толқын Батталова- тілші
«Бүгін бұл іске байланысты бірінші сот отырысы өтті. Процесс барысында екі жақ бір келісімге келу үшін медиацияның көмегіне жүгінді. Алайда, бір мәмілеге келе алмады. Сондықтан, істің нүктесін судья қоятын болады. Соңғы шешім ертең жарияланбақ».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login