Балқаштың орталық алаңында тегін сырғанақ ашылды

Орталық алаңға тұрғызылған сырғанақ көпшілік арасында дау тудырды.Өйткені, әлеуметтік желі қолданушылары екі төбешікті пайдалану ақылы, бір сағатқа 500 теңге төлеу керек екен деп ашулы.

№ 15 мектеп алдындағы екі төбешік екі апта бұрын тұрғызылды. Оны жеке кәсіпкерлердің бірі алаңдағы құмды жинап, үстіне қар төгіп ,мұз жасады. Сырғанақтың үлкенінің биіктігі 4 метр, кішісі 2 метрді құрайды. Ұзындығы 35 метрге дейін созылады. Қазіргі күні ондағы мұздың қалыңдығы шамамен 10 сантиметр.

 Саятбек Мусин-қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:«Кәсіпкерлер балалардың қауіпсіздігін, мұзды күнделікті қадағалап отыру тапсырылған болатын. Біз енді қазіргі кезде меморандум арқылы беріп отырмыз. Ол мұзды күнделікті құйып, сынған мұздарды қайта қалпына келтіріп, баспалдақтарын салды».

Ал кеше осы сырғанақ әлеуметтік желідегі қозғалған басты тақырыптың бірі болды. Сырғанауға барған балалар ақылы деп қайтып кеткен. Оны естігін ата-аналар ашуларын жазба арқылы жеткізіп, пікірлерімен бөлісті.

Саятбек Мусин-қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:« Қазір шанамен темір заттармен сырғанауға болмайды.Тюбингкпен және резеңке заттармен сырғанауға болады. Бағаларын өздері айта жатар.Оған әкімшіліктің қатысы жоқ».

Иә , анықталғандай орталықтағы екі сырғанақ тегін. Бірақ, ол биік болғандықтан шана және аяққа тұрып сырғанауға болмайды. Ол үшін 60 дана тюбинг жалға берілмек. Ал егер сырғанайтын зат өзіңізбен бірге болса тіптен жақсы. Ақысыз сырғанай аласыз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture