Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты үйдің алдында 37 жастағы тұрғынды атып кетті. Қанды оқиға күндізгі сағат екіде болған.
Мемлекеттің 11 млннан астам теңгесін сыбайластарымен бірге оңды-солды шашқан жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директорына қатысты сот процессі басталды. Өңірде резонанс тудырған оқиға өткен жылы орын алған болатын.Аталмыш орталық директоры шаһардағы 6 кәсіпкермен сыбайластық құрып, 50-ге жуық азаматты жалған жұмысқа тұрғызумен айналысқан.
Есірткімен есіріп, нәпақа таппақ болған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Аса ірі көлемдегі героинмен ұсталған қылмыскер 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Көліктерге техникалық жұмыстар жасайтын орталықта өрт болды. Оның маңында орналасқан кәуап жасайтын дүңгіршек түгі қалмай жанды. Таңғы сағат 6-да қызыл жалынның шарпығанын күзетші көріп, өрт сөндірушілерге хабарласқан.
Балқашқа облыстық клиникалық балалар ауруханасынан дәрігерлер келмек. Олар, невропатолог, аллерголог, гематолог, хирург, кардиолог, эндокринолог және гасторэнтеролог. Мамандар Сейфуллин көшесіндегі 40 ғимаратта орналасқан Кеңестік-диагностикалық орталықта 5 күн бойы қабылдау жүргізеді.
Үй кезегінде тұрған балқаштықтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен тегін шот ашу ұсынылды. Мемлекеттен баспана күтіп отырғандар комиссиялық жинақтан да босатылады. Айта кетейік, егер шотта 4 миллион теңге болса, онда оған салынатын комиссия көлемі 20 мың теңге.
Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған жануарлар көмілген жерлерді қоршау қолға алынды. Сондай-ақ арнайы белгілер орнатылуда.
Қарағанды облысында ерлерге қарағанда әйелдер көп. Статистика депратаменті осындай мәліметпен бөлісіп отыр. Нәзік жандылар өңірдегі халықтың 53 пайызын құрайды екен.
Балықтарға кислород қажет. Өйткені биыл өңірге қар молынан жауып, мұздың қалыңдығы бір метрге дейін жетті. Бұл өз кезегінде балықтардың тіршілік етуіне кесірін тигізуі мүмкін. Сондықтан, осыны ескерген табиғатты қорғау жөніндегі инспекторлар көлге шығып ойықтар жасауға кірісті.
Көктемгі су тасқыны коммуналшыларды да әбігерге салуы мүмкін. Егер, табиғи апаттың салдарынан көл жағасындағы канализациялық насосты станция істен шықса, онда түгел қала сусыз қалады. Зардаптың алдын алып, сақтық шараларын пысықтау үшін Балқаш су мекемесі оқу-жаттығу шарасын өткізді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login