Балқаш жаңалықтары 20 желтоқсан 2017

Мерекелік демалыс төтенше оқиғасыз өтпеді. Металлург көшесінде үй өртенді. Қонақ бөлмеден шыққан түтін лапылдап жанып, жиһаздардың күлін көкке ұшырды. Бірақ, абырой болғанда ешкім зардап шекпеді.

Биыл тәуелсіздік алаңына жаңа шырша орнатылады. Мерекеге орай 15 метрлік алып шырша сатылып алынды. Кеше басталған құру жұмыстары бүгінде жалғасты. Ал Астана аллеясына 3 жыл бойы көрік берген ескі шыршаның орны басқа жерге ауысты.

Алып шырша қаланың сәнін кірзізетіні сөзсіз. Ал үйдің сәнін кіргізу үшін қай түрін таңдаған жөн. Қазір базарда таңдау көп, Биыл тіпті исі аңқыған табиғи шыршалар пайда болған. Алайда, таңдау барысында қателеспеу үшін нені ескерген дұрыс.

Көзді ашып-жұмғанша 2017 жылда өте шықты. Ал өтіп бара жатқан тауық жылы балқаштықтар үшін қандай жыл болды. Несімен есте қалды. Біз өткен жылға қорытынды жасау мақсатымен тұрғындар арасында сауалнама жүргіздік.

Нөмір 16 мектептің қыздары волейбол спортынан чемпион атанды. Тәуелсіздік күнінде оқушылар өздеріне осындай сый жасады. Финалдық ойын дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өтті. Оған 4 команда қатысты. Үшінші орынға нөмір 17 мен 1 мектептің спортшылар таласып,1 мектеп қолаға қол жеткізді.

Балқашта бокстан өткен қалалық біріншілік аяқталды. Жасөспірімдер үш күн бойы шаршы алаңда шынығып, күш-жігерлерін көрсетті. 140 баланың ішінен үздіктері анықталды. Ал жарыс мысшылар стадионында боксқа арналған залда өтті.

Балқаштық каратешілер Ашық Қазақстан чемпионатына барып, қоржындарын алтын, күміс және қолаға толтырып қайтты. Алматыда өткен жарыста Балқаштан 9 бала барған.

Мерекелік демалыс күндері балқаштықтар арасында бильярдтан сайыс өтті. Кии ұстап, тас соғудағы шеберліктерін 20-ға жуық тұрғын көрсетті.Үздік атанған жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture